Accessibility links

Израиль ұшақтары Сирия әскеріне әуеден соққы берген


Израиль әскери ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Израиль әскери ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Израиль әскери ұшақтары сенбі күні Голан шыңындағы Сирия армиясы бөлімшелеріне соққы жасаған. Израиль армиясы өкілінің сөзінше, бұған дейін Израиль әскери бөлімі аумағына келіп түскен. Израиль өкілі ол снарядтардың көздеген нысанадан ауытқып, кездейсоқ келіп түскенін, Сирия әскерилері Израиль әскеріне емес, содырларға қарсы атқанын мойындаған. Алайда, бұрыннан бар тәжірибе бойынша, Израиль қарулы күштері кез-келген қарулы шабуылға тойтарыс беретіндіктен, бұл жолы да жауап соққы берілді деп түсіндірген. Әуе шабуылы нәтижесінде сириялықтардың екі әскери танкісі мен пулемет бекінісі жойылған.

Сириялық баспасөз құралдары екі адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған. Сирия қорғаныс министрлігі коммюникесінде Израиль ұшақтарының әуе соққысы Кунейтра қаласы маңындағы радикалды исламшылдар шабуылымен тұспа тұс келгені айтылған. Сирия әскери министрлі Израильді Башар Асад режиміне қарсы соғысып жатқан содырларға көмектесіп отыр деп айыптайды.

Израиль сенбі күні өз территориясының атқылануына байланысты Голан шыңы ауданындағы жағдайды бақылайтын БҰҰ күштері басшылығына шағым жолдаған.

XS
SM
MD
LG