Accessibility links

Назарбаев Қытай басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады


Көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Сычуань провинциясы, Қытай, 24 маусым 2017 жыл.
Көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Сычуань провинциясы, Қытай, 24 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинге Сычуань провинциясында көшкін салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

Назарбаев табиғи апат туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Қытайдың орталық бөлігіндегі Сычуань провинциясында сенбі күні нөсер жауын салдарынан түскен көшкін ондаған үйді басып қалған. Қытай ақпарат құралдарының дерегі бойынша, 24 адам опат болып, 109 адам хабарсыз кеткен. Апат болған аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG