Accessibility links

Пәкістанда өрт салдарынан 120 адам мерт болған


Жолда аударылып, кейін өртенген жанармай таситын көлік қаңқасының жанында жүрген адамдар. Пәкістан, 25 маусым 2017 жыл.
Жолда аударылып, кейін өртенген жанармай таситын көлік қаңқасының жанында жүрген адамдар. Пәкістан, 25 маусым 2017 жыл.

Пәкістанның Бахавалпур қаласында жанармай тасушы көлік апаты салдарынан болған өрттен кемінде 120 адам мерт болып, ондаған адам жарақат алған деп хабарлайды жергілікті басылымдар. Алайда құрбан болғандары саны әлі де көбеюі ықтимал.

Хабарларға қарағанда, жанармай тасушы көлік жол үстінде аударылып қалған. Жанармай төгіліп жатқан көліктің жанына жолдағы апатқа куә болған көп адам жиналған кезде от тұтанып, лезде үлкен өртке ұласқан. Оқиға орнынан түсірілген суреттерде жерде жатқан адамдар мен өртенген көліктердің қаңқалары байқалады.

Оқиға болған жерге жеткен өрт сөндірушілер жалынды өшірген. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін Пәкістан армиясының әскери тікұшақтары жіберілген.

XS
SM
MD
LG