Accessibility links

Стамбул полициясы гей-парадқа кедергі жасады


Стамбулдың орталығында өткен гейлердің құқығын қорғау шеруі. 23 маусым 2013 жыл (Көрнекі сурет).
Стамбулдың орталығында өткен гейлердің құқығын қорғау шеруі. 23 маусым 2013 жыл (Көрнекі сурет).

Стамбул полициясы белсенділердің гей-парад өткізуіне жол бермеді. Шеруді ұйымдастырушылар қала мэриясының ультра оңшылдар тарапынан іс-шараға қауіп төнетінін айтып, тыйым салғанына қарамастан орталық Таксим алаңында шеру парад өткізетіндерін мәлімдеген. Полиция акцияға қатысушылардың ұйымдастырушылар марш өткізуді жоспарлаған Ыстыклал алаңына өтуіне мүмкіндік бермеді. Полиция жиналғандарды қуып тарату үшін резеңке оқтар атты. Белсенділер мен куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам ұсталды.

Стамбулда 2015 жылға дейін гей-парад жыл сайын тұрақты өткізіліп келген. 2015 жылы полиция парадқа қатысушыларды көзден жас ағызатын газ қолданып, қуып таратқан. 2014 жылы өткен парадқа 100 мыңға тарта адам қатысып, мұсылман елдеріндегі гейлердің ең парадына айналған.

Түркияда гомосексуализмге тыйым салынбаған, бірақ елде ара-тұра гейлердің кемсітушілікке ұшырағаны туралы ақпар шығып қалады.

XS
SM
MD
LG