Accessibility links

Тиллерсон: Катар көрші елдер талаптарын зерттеп жатыр


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның сөзінше, Катар көрші араб елдері осы айда туындаған дипломатиялық жанжалды реттеу үшін қойған талаптарын зерттеп жатыр. "Катар Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Сауд Арабиясы қойған талаптарды қарап жатыр" делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемеде.

Бұл елдер Катарға Кувейт арқылы 13 талап білдірген. Солардың бірі - "Әл-Жазира" телеарнасын жабу болды. Төрт ел Катарға шешім қабылдауға 10 күн мұрсат берді. "Катарға кейбір талаптарды орындау өте қиын болмақ, бірақ жағдайды реттеуге бағытталған диалогты жалғастыруға негіз бола алатын сала көп" деді Тиллерсон мәлімдемесінде. Ол сонымен қатар араб елдеріне ымыраға келуде бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін де айтты.

"Мәлімдемені жұмсарту да шиеленісті бәсеңсітуге септігін тигізер еді" деді Тиллерсон. Ол Вашингтонның бұдан ары да барлық тараппен бірдей тығыз байланыс орната беретінін білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG