Accessibility links

Пәкістанда өрт құрбандарының саны 152-ге жетті


Жолда аударылып, кейін өртенген жанармай таситын көлік қаңқасының жанында жүрген адамдар. Пәкістан, 25 маусым 2017 жыл.
Жолда аударылып, кейін өртенген жанармай таситын көлік қаңқасының жанында жүрген адамдар. Пәкістан, 25 маусым 2017 жыл.

Пәкістанның Бахавалпур қаласында жанармай таситын көліктің жолда аударылып, кейін өртенуі салдарынан қаза тапқандар саны 152 адамға жетті. Ондаған адам жараланды. Кейбір ақпараттарға қарағанда жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалған. Полиция жол апаты болған ауданды қоршамақ болған. Бірақ жанармай төгіліп жатқан көліктің жанына жолдағы апатқа куә болған көп адам жиналған кезде от тұтанып, лезде үлкен өртке ұласқан. Оқиға орнынан түсірілген суреттерде жерде жатқан адамдар мен өртенген көліктердің қаңқалары байқалады.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің көпшілігі ауыр жараланған және құрбандар саны ұлғая түсуі ықтимал.

Жаралыларды эвакуациялау үшін әскери тікұшақтар жіберілген. Geo TV телеарнасы қайғылы оқиғаға куә болғандарға сілтеме жасап аударылған көлік жанында кейбір адамдардың темекі шегіп, өртке себеп болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG