Accessibility links

Ауғанстанның солтүстік-шығысында жер сілкінді


Ауғанстанның Бадахшан уәлаяты (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Бадахшан уәлаяты (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның солтүстік-шығысында Тәжікстан және Пәкістанмен шекарада қуаты 5,4 магнитудаға жететін жер сілкінісі болды деп хабарлады АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Зілзала Бадахшан уәлаятының Куран-уа-Мунджан ауданында болған.

Пәкістанның метеорологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 болғанын хабарлады. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Ауғанстанның Рустак қаласында да сезілген. Зілзаладан зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Geo телеарнасы жерасты дүмпулері Пәкістанның Лахор және Пешавар қаласында және Исламабадта сезілгенін хабарлады. Соңғы екі жылда Бадахшан уәлаятында бірнеше күшті жер сілкінісі болған.

XS
SM
MD
LG