Accessibility links

Алматыда өртенген үй тұрғындарын эвакуациялады


Алматының Медеу ауданындағы Жолдасбеков көшесінде өртенген көп қабатты үй. 26 маусым 2017 жыл.
Алматының Медеу ауданындағы Жолдасбеков көшесінде өртенген көп қабатты үй. 26 маусым 2017 жыл.

Алматыда көп қабатты үйде өрт шығып, екі пәтер өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Медеу ауданындағы Жолдасбеков көшесінде орналасқан 12 қабатты үйден 60 жуық тұрғын эвакуацияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт таңертеңгі сағат 8 шамасында 12 қабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтерден шыққан. Өрт үстіңгі қабаттағы пәтерді шарпыған.

Алтыншы және жетінші қабаттағы үйдің балконы, жиһаздары мен электронды техникаларының басым бөлігі жанып кеткен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер өртті өшірген. Өрт себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG