Accessibility links

Ресейде 4 қазақстандық сирек құстарды заңсыз тасымалдады деп айыпталды


Катардағы сұңқармен аң аулау фестивалі. 29 қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Катардағы сұңқармен аң аулау фестивалі. 29 қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанның төрт азаматы мен бір ресейлік сирек кездесетін құстарды Ресейден Қазақстанға контрабанда арқылы кіргізді деп айыпталды. Бұл туралы дүйсенбіде Ресейдің Батыс Сібір өлкелік прокуратурасына сілтеме жасаған ресейлік БАҚ хабарлады.

Тергеу болжамынша, айыпталушылар сұңқар тұқымдастары отрядына жататын сирек кездесетін құстарды (ақсұңқар, ителгі) тасымалдаған. Бұл құстар Қазақстан мен Ресейде бірдей Қызыл кітапқа енгізілген.

Тергеушілер топ мүшелері 2016 жылдың қарашасынан желтоқсан айына дейін Ресейден 13 бас ақсұңқар мен ителгіні Таяу Шығыс елдеріне 500 мың доллар шамасындағы қаржыға сату үшін шығарған.

Ұйымдасқан топтың екі мүшесі сотқа дейін тергеуге болысатыны туралы келісім жасасып, істі ерекше тәртіпте қарау туралы өтініш білдірген. Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс Омбы облысының Есілкөл қаласының сотына жіберілген.

XS
SM
MD
LG