Accessibility links

BuzzFeed: Ресей АҚШ-тағы елшісін алмастырмақ


Сергей Кислчк, Ресейдің АҚШ-тағы елшісі.
Сергей Кислчк, Ресейдің АҚШ-тағы елшісі.

Ресейдің Вашигтондағы елшісі, Кремльдің өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауына килігуіне қатысты дауға қалған Сергей Кисляк еліне қайтарылатын болды. Бұл туралы өзнің үш дереккөзіне сілтеме жасаған BuzzFeed интернет басылымы хабарлады. Кисляктің Ресейдің АҚШ-тағы елшісі қызметін атқарып келе жатқанына 10 жылдан асты.

Кисляк АҚШ-тан шілденің ортасына қарай кетеді деп жоспарланған. 11 шілдеде Ақ үйге жақын St.Regis қонақүйінде дипломаттың құрметіне қоштасу банкеті болады.

Дипломат Кисляктің қызметі Ресейдің АҚШ-тағы сайлау барысына килігуін тексеріп жатқан конгрестің бірнеше комитеті мен арнайы прокурордың назарына іліккен. Кисляк бас прокурор, бұрын сенатор болған Джефф Сешнспен және президент Дональд Трамптың аға кеңесшісі әрі күйеубаласы Джаред Кушнермен кездескен. Кушнермен кездесуде кейбір ақпарат бойынша Ақ үй мен Кремль арасында құпия байланыс арналарын құру жолдары талқыланған.

Биыл мамырда Ресей Мемлекеттік думасының халықаралық істер комитеті сыртқы істер министрінің орынбасары Анатолий Антоновты Ресейдің АҚШ-тағы елшісі қызметіне ұсынуды қолдаған.

XS
SM
MD
LG