Accessibility links

Қазақстан әлемдік трансплант ойындарына қатысып жатыр


Малагадағы бүкіәлемдік трансплант ойындарына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы. 25 маусым 2017 жыл.
Малагадағы бүкіәлемдік трансплант ойындарына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы. 25 маусым 2017 жыл.

Бүгін Малагада (Испания) 21-бүкіләлемдік трансплант ойындары (World transplant games) басталды. Бұл жарысқа Қазақстаннан ішкі органдарын ауыстырған алты адам қатысып жатыр.

Олардың қатарында Жәнібек Оспанов, Гүлмира Смаилова, Асхат Қаликешов, Ержан Мұхамадиев, Жеткіншек Нұров және Апресхан Ховдахан бар. Үшеуінің жүрегі, үшеуінің бүйрегі алмастырылған. Алты қазақстандық жүзу, үстел теннисі және боулингтен жарысқа қатысады.

Малагадағы ойындарға 60 елден спортшы келген. Жарыс 2 шілдеде аяқталады. Трансплант-спортшылар ойыны 1978 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылады.

XS
SM
MD
LG