Accessibility links

Таэквондошы Қайрат Сарымсақов әлем чемпионатында қола алды


Қайрат Сарымсақов (көк формада) Муджудағы әлем чемпионатында. 25 маусым 2017 жыл.
Қайрат Сарымсақов (көк формада) Муджудағы әлем чемпионатында. 25 маусым 2017 жыл.

Таэквондодан Муджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Қайрат Сарымсақов (74 килограмм) қола медаль алды. Ол алғашқы айналымда нигериялық Сегун Олушолоны, кейін былтырғы Еуропа чемпионы португалиялық Хулио Ферейраны, 1/8 финалда литвалық Ауримас Клемасты, ширек финалда тайпейлік Янг Е Сунгты жеңді.

Ал жартылай финалда өзбекстандық Никита Рафаловичтен 8:10 есебімен жеңілді. Әлем чемпионатының шарты бойынша жартылай финалда жеңілген спортшы қола медаль иеленеді.

Қазақстан соңғы рет таэквондодан әлем чемпионатында 2009 жылы медаль алған. 2009 жылы Копенгагендегі (Дания) әлем біріншілігінде Арман Шылманов қола иеленген.

Муджудағы әлем чемпионаты 30 маусымда аяқталады.

XS
SM
MD
LG