Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің Қырымды аннексиялауын заңсыз деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Украина президенті Петр Порошенкомен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Екі елдің лидерлері Парижде келіссөздер өткізді.
Олардың қандай мәселелерді талқылағаны туралы айтылмады. Украинаның шығысындағы қарулы жанжал Париждегі келіссөзде қозғалған негізгі тақырыптардың бірі болуы ықтимал. Макрон жақын арада норман форматында кездесу өткізуге ниеті барын білдірді. Оның сөзінше, шілденің басында Петр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен саммит өтуі мүмкін.
Макрон Кремль саясатына қатысты қатаң ұстанымымен танылған. Бұған дейін ол Ресейге қарсы салынған санкцияларды тек Минск келісімдері орындалғаннан кейін алуға болатыны туралы мәлімдеген. Француз президентімен кездесуден соң Петр Порошенко оптимистік көңіл-күйде екенін білдірген.
Порошенко мен Макрон бұл жолы шілденің 7-8 күндері Германияның Гамбургінде өтетін «Үлкен жиырмалық» саммиті қарсаңында кездесті. Өткен аптада Украина президенті Вашингтонға сапармен барған. Ақ үй әкімшілігі Мәскеу Украинаның шығысынан барлық күшін шығармайынша Ресейге қатысты санкциялар күшінде қалады деп мәлімдеген.