Accessibility links

СІМ: Астанадағы келіссөзге Сириядан делегация келу-келмеуі әзірге белгісіз

Солдан оңға қарай - Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Джабери Ансари, Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов және БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Астанада бұған дейін өткен Сирия бейбіт келіссөзінде. 4 мамыр 2017 жыл.

Астанада Сирия жөніндегі кезекті келіссөзді өткізу үшін гарант-мемлекеттер қарулы оппозицияның қатысу, қатыспау туралы шешімін күтіп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов 4–5 шілдеде өтетін Астана келіссөзіне дайындық барысы жөнінде түсініктеме берген кезде айтты.

"Біз Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты бесінші рет өтетін келіссөзге гарант-мемлекеттердің толық қатысатынын нақтыладық. Тек Сириядағы қарулы оппозицияның қатысу-қатыспауы әлі белгісіз болып тұр" деді Абдрахманов.

Бесінші кездесу бастапқыда 12–13 маусымға белгіленген. Бірақ кейінге шегерілді. Осыған дейінгі кездесуде гарант елдер - Ресей, Түркия және Иран Сирияда төрт қауіпсіздік аймағын құру жөнінде меморандум жасалған. Бірақ оппозиция Ресейдің бұл жоспарынан бас тартқан.

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура да Астанаға келетінін растаған. АҚШ та бақылаушы ретінде өз өкілін жіберетінін айтқан.

Сириядағы жанжалда Иран мен Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдайды. Ал Түркия кейбір қарулы көтерілісшілерді жақтайды.

XS
SM
MD
LG