Accessibility links

Испания соты Сальвадор Далидің мүрдесін эксгумациялауға шешім шығарды


Сальвадор Дали.
Сальвадор Дали.

Мадрид соты әйгілі суретші Сальвадор Далидің мүрдесін оның ДНҚ үлгісін алу үшін эксгумациялау туралы шешім шығарды. Испанияның солтүстігіндегі Верон қаласының тұрғыны Мария Пилар Абель әйгілі суретші өзінің әкесі болғанын айтып, марқұммен туыстық байланысын анықтауды сұрап шағым түсірген. Сот генетикалық материал шағымданушының суретшімен туыстығын анықтау үшін қажет деп тапты.

1956 жылы туған Мари Пилар Абель анасы Далидің әулетінде жұмыс істеген кезде махаббат құрған деп біледі. El Pais газетінің ақпаратына қарағанда, Абель суретшінің тікелей ұрпағы екенін мойындатпақққа 2007 жылдан бері талпынып келеді.

Сальвадор Дали 1989 жылы 85 жасында қайтыс болған. Ол 20-ғасырдағы ең әйгілі сюрреалистердің бірі болды.

XS
SM
MD
LG