Accessibility links

Сенат сайлауында үгіт-насихат аяқталды


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 27 маусым - парламент сенаты депутаттарының сайлауы қарсаңындағы "тыныштық күні". Сейсенбіде сенат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихаты аяқталды. 28 маусымдағы сайлау сенат депутаттарының конституция бойынша белгіленген өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты өткізілмек.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 16 депутаттық мандатқа 89 үміткер ұсынылып, оның 52-сі тіркеуден өткен. Тіркелген үміткерлердің 47-сі - ер, бесеуі - әйел. Үміткерлердің төртеуі - сенаттың қазіргі депутаттары, үшеуі - мәслихат депутаттары, 11-і - мемлекеттік қызметкерлер, 15-і - мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері.

Ресми мәлімет бойынша, тіркеу барысында 17 үміткер өз өтініші бойынша тіркеуден алынған, 13 үміткер табысы мен мүлкі туралы дұрыс мәлімет бергендіктен, 7 үміткер қажетті құжаттарын өткізбегендіктен тіркелмеген.

ОСК сенат сайлауын бақылауға ТМД , Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесі және Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясынан 113, 16 шет мемлекеттен 39 бақылаушы тіркелгенін айтады.

Сенатта 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Ал қалған 32-сін облыстық және Алматы мен Астана қалаларының мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2014 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG