Accessibility links

Киевте жарылыс болып, бір адам жараланды


Киевтегі полиция бөлімшесі (Көрнекі сурет).
Киевтегі полиция бөлімшесі (Көрнекі сурет).

Киевтің Соломенский ауданында сейсенбі күні таңертең көлік жарылып, бір адам жараланды. Бұл туралы Facebook-те Киев қалалық полициясының баспасөз хатшысы Оксана Блищик хабарлады.

"Оқиға орнына барлық құтқару қызметі аттанды. Толығырақ кейін хабарланады" деп жазды Блищик.

Facebook-тегі "Киев оперативный" парақшасындағы ақпаратқа қарағанда, жарылыс Соломенская және Механизатор көшелерінің қиылысында болған.

"Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен құқық қорғаушылар барды" делінген хабарламада.

Жарылыс туралы әзірге бұдан өзге ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG