Accessibility links

ОҚО-да қырым-конго безгегінен екі адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго безгегінен екі адам қайтыс болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Кене шағып, қырым-конго безгегін жұқтырған Бәйдібек ауданы Шаян ауылының 13 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада көз жұмды. Тұрғындар "бала иттің құлағындағы кенені жұламын дегенде кене шағып жазым болды» дейді. Қазіргі уақытта марқұммен байланыста болған 23 адам тексеріліп жатыр.

Отырар ауданы Қостерек ауылының 53 жастағы тұрғыны да кене шағып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болды. "Қорадағы кенені улаймын деп жүріп ауру жұқтырып алды. 26 маусым күні жерледік" дейді марқұмның туыстары.

"Бәйдібек ауданында 13 жастағы баланы кене шағып, қырым-конго безгегін жұқтырғаны рас. Ол 19 маусым күні қайтыс болды. 26 маусым күні қайтыс болған Отырар ауданының тұрғыны қырым-конго безгегін жұқтырғаны әлі толық нақтыланған жоқ. Зерттеу жұмыстары жүріп жатыр" дейді жергілікті әкімдіктің аты-жөнін атамауды сұраған өкілі.

XS
SM
MD
LG