Accessibility links

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамау мерзімі ұзартылды


Руслан Ерденаев, БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы.
Руслан Ерденаев, БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы.

Алматының Алмалы аудандық соты Бірыңғы жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы, қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Руслан Ерденаевты қамау мерзімін ұзартты. Сот сонымен қатар БЖЗҚ-ның қауіп-қатерді басқару департаменті қаржылық қауіп-қатерлер басқармасының бастығы Мұса Бахтовты, "АлатауМұнайАлтын" компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы, "Бузгул Аурум" компаниясын құрған Бақытжан Кенжебаев пен "Бузгул Аурумның" директоры Азат Найзағаринді қамау мерзімін 28 шәлдеге дейін ұзартты. Бұған дейін сот БЖЗҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековті қамау мерзімін 8 шілдеге дейін ұзартқан.

"Мегатрансазия" компаниясы директорының бұрынғы орынбасары Талғат Тұртаевты қамау мерзімі де 23 шілдеге дейін ұзартылды.

БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаев "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кетті" деген күдікке ілінген. БЖЗҚ мен аталған компаниялар басшылары қамалғаны осы жылдың басында қамалған.

Қамаудағы алты адам да "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кетті" деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG