Киевте сейсенбіде таңертең көлік жарылуынан Украина қарулы күштерінің қызметкері қаза тапты. Жарылыс террорлық акт деп бағаланып отыр. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі коммуникация департаментінің директоры Артем Шевченко хабарлады.
"Украинская правда" газетінің алдын ала мәліметі бойынша, құрбан болған Максим Шаповал Украина қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының арнайы жасағын басқарған.
Бұған дейін Киевтегі Украина Ұлттық полиция бас басқармасы Соломенская мен Механизатор көшелерінің қиылысында көлік жарылып, бір адам қаза тапқанын және бірнеше әйелдің жарықшақ тиіп жараланғанын растаған.
2016 жылы шілдеде көлік жарылып, Беларусь тумасы, Ресей мен Украинада жұмыс істеген журналист Павел Шеремет қаза тапқан.