Мәскеуде екі жыл бұрын қаза тапқан оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне күдіктілердің соты өтіп жатыр. Алқа сот мүшелері оларға бүгін үкім шығаруы тиіс.
Мәскеудің өлкелік әскери сотына Шешенстаннан шыққан күдіктілер – Заур Дадаев, Анзор мен Шадид Губашев, Тамерлан Эскерханов және Хамзат Бахаевты күзетпен әкелді. Тергеу болжамынша, Немцовты Дадаев атқан, басқалары бұл қылмысты жасауға септескен. Ағалы-інілі Губашевтер мен Дадаев тергеу кезінде айыпты мойындаған, бірақ сотта «азаптауға шыдамай айттық» деп ол сөздерінен танған.
Борис Немцовтың қызы Жанна Немцова мен адвокаттары бұл қылмыс ашылмады деп мәлімдеп, «саясаткердің өліміне Шешенстан басшылығының қатысы бар» деген күдіктерін айтады.
Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеуде атып кеткен.
ВИДЕО: "Немцов" фильмін Вашингтонда көрсетті