Accessibility links

Еурокомиссия Google-ге 2,4 млрд еуро айыппұл салды


Еуропа комиссиясы комиссары Маргрет Вестагер Google корпорациясына байланысты шешімді айтты. Брюссель, 27 маусым 2017 жыл.
Еуропа комиссиясы комиссары Маргрет Вестагер Google корпорациясына байланысты шешімді айтты. Брюссель, 27 маусым 2017 жыл.

Еуропа комиссиясы америкалық Google корпорациясына 2 миллиард 420 миллион еуро айыппұл салды. Бұл компания Еуропа Одағының монополияға қарсы заңын бұзды деп танылды.

«Google іздеу жүйесіндегі артықшылығын асыра пайдаланып отыр» деп мәлімдеді Еуропа комиссиясы.

Комиссия өкілі Маргрет Вестагердің айтуынша, Google онлайн-дүкендерден заттарды іздеп, бағаларын салыстыру кезінде өзінің бағдарламасына басымдық беріп, басқа бәсекелес қызметтердің іздеу рейтингін төмендетіп көрсетеді.

Енді Google 90 күннің ішінде мұндай әрекетін тоқтатуы керек. Әйтпесе Google-дің үстінен қарайтын Alphabet холдингі әлемдік күндік табысының 5 пайызына тең айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ.

Еуропа комиссиясы Google корпорациясына қатысты тексеруін былтыр шілдеде бастаған.

XS
SM
MD
LG