Accessibility links

Луганск облысында ресейлік сарбаз тұтқынға түскені хабарланды


Өзін-өзі жариялап алған "Луганск халық республикасының" сепаратистері әскери жаттығу кезінде. Украина, 27 сәуір 2017 жыл.
Өзін-өзі жариялап алған "Луганск халық республикасының" сепаратистері әскери жаттығу кезінде. Украина, 27 сәуір 2017 жыл.

Украинаның шығысындағы Луганск облысында ресейлік әскери қызметкер Виктор Агеев украин әскеріне тұтқынға түскен деп хабарлады BBC.

Ақпаратқа сәйкес, ресейлік сарбаз 24 маусымда Желобок ауданында украин әскері мен өз-өзін жариялап алған "Луганск халықтық республикасы" (ЛХР) сепаратистерінің арасында болған қақтығыста тұтқынға түскен. Агеевтің анасы BBC арнасына ұлының 2017 жылдың наурыз айында келісім-шартқа қол қойып, Ростов облысының Батайск қаласына әскери міндетін өтеуге кеткенін айтады. BBC дереккөзі Агеевті Украинаның қауіпсіздік қызметіне жіберілгенін хабарлаған.

26 маусымда Украина президенті Петр Порошенко Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде Украина аймағында ресейлік әскери қызметкерлердің ұсталғанын айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Донбаста Ресей әскері барын бірнеше рет жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG