Accessibility links

АҚШ: Қытай - әлемде адам саудасы ең көп жүретін мемлекет


АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі адам саудасы жөніндегі есебі (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі адам саудасы жөніндегі есебі (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті әртүрлі елдерде 20 миллион адам құлдық пен адам саудасының құрбаны болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік департаменттің әлемдегі адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы есебінде бұл қылмыстық бизнестің Қытайда қатты дамығаны айтылады.

АҚШ дипломатиялық мекемесінің есептеуінше, Пекин жұмыс істеуге келген Солтүстік Корея тұрғындарының еңбегін қанайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресейдің де Солтүстік Кореядан келген жұмысшылардың еңбегін қанайтынын айтады. Ал олардың тапқан қаржысы отандарына жіберіліп, Солтүстік Корея режимін қолдауға септеседі. "Адам саудасы біздің кезіміздегі адам құқықтарын қорғаудағы ең ауыр проблемалардың бірі болып отыр. Ол қоғамдық және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ең жаманы, бұл қылмыс адамды еркіндігі мен қадір-қасиетінен айырады. Сондықтан біз бұл қылмысқа тоқтау салуымыз керек" деді Тиллерсон департамент баяндамасымен бірге жарияланған мәлімдемесінде.

Баяндамада Мьянма, Ауғанстан, Малайзия және Катар елдерінің адам саудасын тоқтату шараларын қолға ала бастағаны айтылған. Бірақ Ресей, Куба және Таиланд Вашингтонның рейтингтік тізімінде былтырғы орнынан өзгермеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп адам саудасымен күрес өз әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі екенін мәлімдеген. Мемлекеттік департамент жыл сайынғы баяндамасында әсіресе әйелдер мен балалар еңбегін қанауды тоқтатуға шақырады.

XS
SM
MD
LG