Accessibility links

Парламент сенатына сайлау басталды


Алматы қаласы мәслихатындағы сенат депутаттарын сайлауға дауыс беру. Алматы, 28 маусым 2017 жыл.
Алматы қаласы мәслихатындағы сенат депутаттарын сайлауға дауыс беру. Алматы, 28 маусым 2017 жыл.

Қазақстанда парламент сенатына өкілеттігі аяқталған депутаттардың орнына сайлау басталды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петровтың айтуынша, 16 депутаттық мандатқа 38 үміткер тіркелген. Оларды 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының 3291 депутаты сайлайды. Бұл сайлауда бірінші рет сайлаушыларды тіркеу, дауыс беру, оның қорытындысы шығару электронды түрде жүргізіледі. ОСК өкілі сайлау барысын Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан бақылауға болатынын айтады.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.
Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Астана, 28 маусым 2017 жыл.

Сайлау қорытындысы 4 шілдеден кешіктірілмей жарияланабақ.

ОСК сенат сайлауын бақылауға ТМД , Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесі және Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясынан 113, 16 шет мемлекеттен 39 бақылаушы тіркелгенін айтады.

Сенатта 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Ал қалған 32-сін облыстық және Алматы мен Астана қалаларының мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2014 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG