Accessibility links

Журналистер БАҚ туралы жаңа заң жобасын сынады


Қамаудағы журналист Жанболат Мамайды қорғау комитетінің өкілдері дөңгелек үстел өткізіп отыр. Алматы, 28 маусым 2017 жыл.

"Қазақстанда БАҚ-қа қатысты заңдарға енгізілетін түзетулер жобасы елдегі сөз бостандығын күйретіп тынады" деп мәлімдеді журналист Рысбек Сәрсенбай. Бұл туралы ол Алматыда қамаудағы журналист Жанболат Мамайды қорғау комитеті журналистер күніне орай ұйымдастырған "Қазақстандағы сөз бостандығын қудалау" атты дөңгелек үстелде айтты.

Дөңгелек үстелге қатысқан "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева да "жаңа заң жобасы Қазақстандағы сөз бостандығын тұншықтыратын, тәуелсіздік алған кезден бері ондаған тәуелсіз БАҚ жабылғанын" айтты.

Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов Жанболат Мамайды қорғау комитеті Мамайды ғана қорғау үшін құрылмағанын, ол Қазақстандағы биліктен қысым көріп, қудаланып жатқан барлық журналистерді қорғаумен айналысатынын айтты.

Оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы, 28 жастағы Жанболат Мамай 2017 жылы 10 ақпанда сот шешімімен екі айға қамалған. Тергеу тарабы "2009 жылдан бері Еуропада жүрген бұрынғы банкир және оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов БТА банкінен ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін Мамай басқаратын "Трибуна. Саяси қалам" газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған" деп күдіктенеді.

Журналист бұл айыпты мойындамайды. Ал Мұхтар Әблязов бұл айыптауды "абсурд" деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Сот 31 мамырда Мамайды қамау мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартқан.

Жанболат Мамай абақтыда өзін соққыға жыққаны туралы хабарлаған соң оны қорғау комитеті құрылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG