Accessibility links

Венесуэла Жоғарғы сотын тікұшақтан атқылады


Николас Мадуро, Венесуэла президенті. Каракас, 19 сәуір 2017 жыл.
Николас Мадуро, Венесуэла президенті. Каракас, 19 сәуір 2017 жыл.

Венесуэлада Жоғарғы сот ғимаратын белгісіз біреулер айдап әкеткен полиция тікұшағынан атқылады. Шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Шабуыл ел президенті Николас Мадуро мемлекеттік телеарнадан тікелей эфирде сөйлеп тұрған кезде жасалды. Президент оқиғаны теракт және қарулы төңкеріс жасау әрекеті деп атады. Дабыл белгісімен әуеге әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің ұшақтары көтерілді.

БАҚ-тың мәліметінше, шабуылды "үкіметке қарсы полиция қызметкерлері" ұйымдастырған. Ішкі істер министрлігінің қызметкері Оскар Перес әлеуметтік желіде Николас Мадуроны отставкаға кетуге шақырған видео үндеу жариялады. Венесуэла билігі тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, әзірге күдіктілердің аты-жөнін жариялаған жоқ.

Венесуэлада сәуірден бері үкіметке қарсы жаппай толқулар өтіп жатыр. Кейбір қарсылық шерулері тәртіпсіздікке ұласып, полициямен қақтығыстар барысында 70-ке тарта адам қаза тапты. Венесуэла билігі елге азаматтық соғыс қаупі төніп тұрғанын айтып, демонстранттарды "терроршылар" деп атады.

XS
SM
MD
LG