Accessibility links

Ерік Сұлтанов сенат депутаты болып сайланды


Ерік Сұлтанов, жаңадан сайланған сенат депутаты. Петропавл, 28 маусым 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ерік Сұлтанов парламент сенатына депутат болып сайланды. 28 маусымда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысының және аудандары мен Петропавл қаласы мәслихаттарының депутаттары дауыс берді.

Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметінше, Ерік Сұлтановты сайлауға қатысқан 209 депутаттың 176-сы қолдады. Өзге екі үміткер Есжан Оразалин және Мейрам Меңдібаев әрқайсысы 16 дауыстан жинады.

Солтүстік Қазақстан облысынан сенат депутаттығына үш кандидат тіркелген болатын. Олар - "Солтүстік" корпорациясының басқарма төрағасы Есжан Оразалин, СҚО жер инспекциясының басшысы Мейрам Меңдібаев және СҚО бұрынғы әкімі Ерік Сұлтанов.

Алты мәслихат депутаты сайлауға қатыспады.

Қазақстанда бүгін сенат депутаттарының босаған 16 орнына депутат сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 16 округ бойынша депутаттық мандатқа 38 үміткер тіркелген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG