Accessibility links

Еуропаның 3 елінде «Ислам мемлекетінің» жақтастары» ұсталды


Лондон полициясы ол қалада болған терактіге күдіктілерді ұстаған сәт. Ұлыбритания, 3 маусым 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Лондон полициясы ол қалада болған терактіге күдіктілерді ұстаған сәт. Ұлыбритания, 3 маусым 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропаның үш елінде «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жақтастары деген күдікпен алты адам ұсталды. Олар Испания мен Германия және Ұлыбританияда қолға түскен.

Алты адамның төртеуі Испанияның туристік Пальма-де-Майорка қаласында тұтқындалды. Испан полициясы дерегінше, күдіктілер жасырын кездесулер өткізіп, жастарға радикал уағыздар айтқан, оларды соғысып жатқан елдерге баруға үгіттеп, Еуропа Одағы елдерінде болған терактілерді ақтаған. Ұсталғандар «үгіт-насихат материалдарын жасап, оны интернет арқылы таратты» деген айыпқа да ілінген.

Соңғы кездері Еуропаның бірнеше елінде болған әлденеше терактінің жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG