Accessibility links

Манафорт АҚШ-та шетелдік агент ретінде тіркелді


U.S. -- Paul Manafort of Republican presidential nominee Donald Trump's staff listens during a round table discussion on security at Trump Tower in the Manhattan borough of New York, August 17, 2016

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт кезінде Украина билігіне саяси кеңес бергені үшін АҚШ әділет министрлігіне шетелдік агент ретінде тіркелді.

Министрлікке тапсырған құжатына қарағанда, Пол Манафорттың фирмасы 2012-2014 жылдар аралығында Украинаның сол кездегі президенті Виктор Януковичтің «Аймақтар партиясына» кеңес беріп, ақысына 17 миллион доллар алған.

Былтыр Трамптың сайлау кампаниясы өтіп жатқан кезде оның штаб басшысының шетелден қаржы алғаны жайлы сөз шығып, Манафорт міндетінен босатылған еді. Украина билігі Манафорттың фирмасына ақша төлеуде заңсыздық болмағанын айтады.

Саяси кеңесші әрі лоббист Пол Манафорт кезінде Джеральд Фордтың, Рональд Рейганның, Үлкен Джордж Буштың сайлау кампанияларын өткізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG