Accessibility links

АҚШ прокуратурасы Өзбекстан тумасын бостандыққа шығармауды сұрады


Жамшид Мухторов, Өзбекстаннан шыққан, АҚШ-та "исламшыл экстремистік топты қолдады" деген күдікпен қамауда отырған босқын.

АҚШ прокуратурасы бес жыл түрмеде отырған өзбекстандық Жамшид Мухторовты босатпауын сұрады. Ол "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобына материалдық көмек беруге талпынды деп айыпталған. Мухторов Өзбекстанда "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының Жизақ облыстық бөлімшесін басқарған.

Денвер прокуратурасы апелляциялық сотқа Жамшид Мухторовты бостандыққа шығармау туралы өтініш түсірді. Мұның алдында сот оны келесі жылға белгіленген сотқа дейін босату туралы шешім шығарған еді.

40 жастағы Мухторов істің ұзақ қаралуы өзінің құқығын бұзатынын мәлімдеген, бірақ прокурорлар күдікті қашып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Мухторовқа Пәкістанда орналасқан "Ислам жихады одағы" (IJU) экстремистік ұйымы үшін смартфондар және электрондық құралдар ұрлауға талпынды деген айып тағылған. Бұл ұйым Өзбекстанда зайырлы басқару жүйесіне қарсы, елде ислам құқығы негізіндегі жүйе орнатқысы келетінін мәлімдеген.

Мухторов 2012 жылы 21 қаңтарда Чикаго әуежайында Стамбулға бара жатқан жолда ұсталды. Америкалық тергеушілердің хабарлауынша, Жамшид Мухторов Түркия арқылы пәкістандық Вазиристанға "кәпірлермен" күресу үшін ұшап барғысы келген.

Мухторовтың АҚШ азаматтығы жоқ, бірақ саяси босқын мәртебесі бар. Ол 2012 жылы қаңтарға дейін Денверде тұрған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG