Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан елде заңсыз жүргендерді сотсыз қайтаруы мүмкін


Қазақстан мен Қырғызстан тулары (Көрнекі сурет).
Қазақстан мен Қырғызстан тулары (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Қырғызстан елде миграциялық заң талабын бұзып жүргендерді бір-біріне сотсыз қайтара алатын болады. Бұл туралы үкіметаралық келісімге 2016 жылы 17 қазанда Астанада қол қойылған. Қазақстан мен Қырғызстан арасында азаматтарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы сәрсенбіде Қырғызстан парламентіне дауыс беруге жөнелтілді.

Қырғызстан ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, келісім екі елдің құзырлы органдарына азаматтарды сот процестерінің аяқталуын күтпестен қайтару процедураларын жасай беруге мүмкіндік береді. Келісімде қырғыз-қазақ шекарасы арқылы екі ел территориясына заңсыз кірген үшінші елдің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды қайтару қарастырылған.

XS
SM
MD
LG