Accessibility links

Қазақстандық үш спортшы "допинг қолданған"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2017 жылдың басынан бері Қазақстанда үш спортшы допинг қолданғаны үшін бірнеше жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның антидопинг ұлттық орталығы хабарлады.

Орталық сайтында спорттық гимнастикадан 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Азизбек Кудратуллаевтың сынамасынан метилгексанамин препараты табылғаны жазылған. Оның жазасы 2016 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қаңтарына дейін белгіленген.

Ал жеңіл атлетикадан Рио олимпиадасына қатысқан Евгений Лабутовтың сынамасынан оралтуринабол препараты табылғаны хабарланды. Ол 2021 жылдың мамырына дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Ауыр атлет Ильдар Миннияров "рұқсат етілмеген метандиенон препаратын қолданды" деп айыпталып, төрт жылға спорттан шеттетілді. Ол енді жарысқа тек 2021 жылдың сәуірінен бастап қатыса алады.

XS
SM
MD
LG