Accessibility links

Пентагон: Кремль АҚШ Ресейдегі билік ауыстырғысы келеді деп сенеді


Мәскеудегі Кремль (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі Кремль (Көрнекі сурет).

Кремль "АҚШ Ресейдегі билікті өзгерткісі келеді және бұл екі ел арасындағы қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері текетірес жағдайындағы шиеленісті ушықтырады" деп санайды. Бұл туралы АҚШ әскери барлау қызметінің 28 маусымда жарияланған есебінде айтылады. Есепте Мәскеудің АҚШ-тың әлемде демократия орнатудағы күш-жігеріне "үнемі сенімсіздікпен қарайтыны" және Вашингтонның бұл бағыттағы кампаниясын "біртұтас ғаламдық құндылықтарды күшпен таңу" деп қабылдайтынын айтылады.

Баяндама авторлары Ресейде қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері әскери модернизацияның сәтті жүргізілгеніне қарамастан Мәскеу "АҚШ-тың халықаралық нормаларға мәжбүрлеуге тырысуы Кремльдегі билік негіздеріне қауіп төндіреді және шет мемлекеттердің Ресейдің ішкі ісіне килігуіне мүмкіндік жасайды деп қауіптенеді" дейді.

"Кремль АҚШ Ресейдегі режимді ауыстырудың негізін қалап жатқанына сенімді және ол Украинадағы жағдайлардан соң беки түсті " делінген есепте.

Ресей президенті Владимир Путин әкімшілігі АҚШ-ты 2014 жылы Украинадағы билікке қарсылық шерулерін ұйымдастырды деп айыптайды. 2014 жылы Украина билігінің Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюынан бас тартқан соң басталған толқулардың нәтижесінде сол кездегі ресейшіл президент Виктор Янукович биліктен кетірілген.

XS
SM
MD
LG