Accessibility links

АҚШ сенатының комитеті ауғандықтарға қосымша виза беруді мақұлдады


ДЖоан Шаин, америкалық сенатор
ДЖоан Шаин, америкалық сенатор

АҚШ сенатының қарулы күштер жөніндегі комитеті 28 маусымда АҚШ әскеріне аудармашы немесе көмекші ретінде жұмыс істейтін тағы төрт мың ауғандыққа виза беруді мақұлдады. Комитет қосымша виза беруді іске асырылуына жалпы сомасы 650 миллиард доллар бөлу қарастырылған заң жобасына қосты. Арнайы иммиграциялық виза беру бағдарламасы АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдарында жұмыс істейтін және көбіне өміріне қауіп төнетін ауғандықтардың мұқият тексеруден өткен соң АҚШ-қа баруына мүмкіндік береді.

Президент Дональд Трамп әкімшілігінің мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының АҚШ-қа кіруін шектеуге талпынуы конгресті арнайы визаларды көбірек бөлуге мәжбүрлеп отыр. Биыл наурызда АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі арнайы виза алуға өтініш берген адаммен әңгімелесу өткізуді тоқтатқанын мәлімдеген. Бірақ сәуірде конгресс виза бағдарламасын сақтау үшін шығын туралы заң жобасына тағы екі жары мың арнайы виза беруді қарастыратын бап қосқан. "Біз АҚШ-тың Ауғанстандағы миссиясына елеулі көмек көрсеткен бейбіт тұрғындарға үлкен қарыздармыз" деді сенатор Джоан Шаин.

XS
SM
MD
LG