Accessibility links

Германия Киев пен сепаратистерді бітім режимін ұзартуға шақырды


Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен баспасөз конференциясында. Краснодар, 28 маусым 2017 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен баспасөз конференциясында. Краснодар, 28 маусым 2017 жыл.

Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Киев пен Ресей қолдайтын сепаратистерді Украина шығысындағы қақтығысты егістіктен өнім жинап алу үшін тоқтату туралы келісімнің күшін ұзартуға шақырды. Министр келісімді ұзарту қақтығысты саяси жолмен реттеуге жол ашуы мүмкін.

Краснодарда Ресей сыртқыі стер министрі Сергей Лавровпен баспасөз конференциясында сөйлеген Зигмар Габриэль "егін бітімі" деп аталатын бітім орындалып жатқанын айтты. "Екі тараптың да мүддесі ортақ дәл егістікті ору кезінде бұл бітімнің орындалып жатқаны өте қызық. Енді келісім аяқталған соң қақтығысты қайта бастаудың қажеті қанша деген мәселе туындайды" деді Габриэль.

Ол тараптардың Украина шығысында сайлау өткізу сияқты саяси мәселелер бойынша ұстанымдары қабыспайтынын түсінетінін, бірақ қақтығысты тоқтату режимін нығайта беру жанжалды реттеуде үлкен ілгерілеу болуы мүмкін екенін айтты. Германия сыртқы істер министрі Берлин егер Донбаста қақтығысты тоқтату режимі ұзартылса онда аймақтағы өмір сүру деңгейін көтеруге қаржылай көмек көрсетуге даяр екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG