Accessibility links

Си Цзиньпиннің Гонконгке сапары кезінде қарсылық акциялары күшейді


Гонконг полициясы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сапарынан бір күн бұрын өткен наразылық акциясына қатысушыны ұстап әкетіп барады. 28 маусым 2017 жыл.
Гонконг полициясы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сапарынан бір күн бұрын өткен наразылық акциясына қатысушыны ұстап әкетіп барады. 28 маусым 2017 жыл.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин 29 маусымда Гонконгқа бұрын Ұлыбритания отары болған бұл аралдың Қытайға қосылғанына 20 жыл толуына орай барды. Қытай президентінің сапары алдында Гонконгтің демократиялық жолмен дамуын жақтайтындардың демонстрациясы өтіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Си Цзиньпин Гонконгке Қытай төрағасы қызметіне кіріскен 2013 жылдан бері бірінші рет барып отыр. Си Цзиньпиннің сапары қарсаңында Пекин жартылай автономиялық аймақтың еркіндігіне қол сұғуы мүмкін деген алаңдаушылық күшейген.

Қытай төрағасы Гонконг әуежайына Air China ұшағымен әйелі, әнші Пэн Лиюаньмен бірге барды.

Гонконгтің демократиялық көңіл-күйдегі саясаткерлері, оның ішінде Джошуа Вонга мен парламент депутаты Натана Лоу 29 маусымға қараған түні мерейтойлық іс-шаралар өтеді деп жоспарланған орталықта өткізілген наразылық акцияларынан соң "қоғамдық қауіпсіздік ережесін бұзды" деген айыппен ұсталды. Орталық Си Цзиньпин орналасқан қонақүйге жақын орналасқан. Си Цзиньпин Гонконгқа ұшып келгенге дейін бейсенбі күні таңертең 20 белсенді ұсталды.

Қытай төрағасының сапары 1 шілдеде аяқталады. Си Цзиньпин Гонконгте автономия әкімшілігінің жаңа басшысы Кэрри Ламның инаугурациясына қатысады.

Жаһан жаңалықтары 29.06.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:47 0:00

XS
SM
MD
LG