Accessibility links

Текебаевтың сотында негізгі куәгерлер жауап беріп жатыр


Леонид Маевский, қырғызстандық оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевтың ісі бойынша соттағы басты куәгер.
Леонид Маевский, қырғызстандық оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевтың ісі бойынша соттағы басты куәгер.

Бішкекте бейсенбіде парламенттегі оппозициялық "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі, коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Омурбек Текебаевтың ісі бойынша ресейлік бизнесмен Леонид Маевский жауап береді.

Қырғызстан билігі Текебаевқа қарсы істі осы Маевский мен оның танысы, Ресей азаматы Алексей Модиннің арызы бойынша қозғаған. Олар "Мегаком" телекоммуникация компаниясының акциясын иеленуге өздеріне көмектесу үшін "Текебаевқа делдал арқылы бір миллион доллар бергенін" мәлімдеген. Модин сотта кеше жауап берген.

Бұл іс бойынша Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі әрі бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі министр Дуйшенкул Чотоновқа да айып тағылған. Чотонов та Текебаев сияқты ақпан айында бішкекте ұсталып, қамауға алынған. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыпты "саяси астары бар" деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG