Accessibility links

Қытайға "Қырғызстан" әуе компаниясының акциясын сатып алу ұсынылды


"Қырғызстан" әуе компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
"Қырғызстан" әуе компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан билігі қытайлық әуе компаниясына "Қырғызстан" әуе компаниясының 49 пайыз акциясын сатып алуды, оның базасында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Ресми Бішкек "Манас" әуежайын Hainan Airlines ұшақтары үшін транзиттік орталық ретінде пайдалануға болар еді деп есептейді.

Қырғыз бас консулы Мақсат Тентимишов Қытайдың Гуанчжоу қаласында HNA Aviation Investment Group стратегиялық маркетинг компаниясының бас директоры Чэн Минцюнмен кездесуінде осындай ұсыныс жасады деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі.

Сонымен бірге тараптар Қырғызстан мен Қытай арасында ашылуы мүмкін жаңа әуе бағыттарын талқылады. Hainan Airlines компаниясының өкілдері Бішкек - Үрімжі рейсін ашқысы келетінін білдірді.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұл ұсыныс жан-жақты талқыланатынын айтты.

"Қырғызстан" әуе компаниясының 100 пайыз акциясы мемлекет меншігінде. Үкімет ел бюджетін толтыру үшін бұл компанияны саудаға шығарған.

XS
SM
MD
LG