Accessibility links

Байқоңыр маңынан обаның табиғи ошағы табылған


Байқоңыр қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).
Байқоңыр қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).

"Байқоңыр" кешенінің 17П ұшу алаңы ауданында оба індетінің табиғи ошағы анықталды деп хабарлады Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайты.

Ресми ақпаратқа қарағанда, оба індеті ошағының анықталуына байланысты 29 маусымда Байқоңырда қала әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Виктор Лопаткиннің басшылығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету комиссиясының кезектен тыс жиыны өткен. Жиында обаның алдын алу шараларын жүргізу мәселесі талқыланып, "Байқоңыр" кешені бойынша бас санитарлық дәрігер мен Федералдық денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесі №1 орталық медициналық-санитарлық бөлімі басшысының есебі тыңдалған.

Жиын қорытындысында бірқатар шараларды күшейтіп, халыққа жағдайды жеткізіп, түсіндіру туралы шешім қабылданған.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, ТМД кеңістігінде оба ошақтарының 51,5 пайызы - Қазақстанда, 6,5 пайызы - Қырғызстанда.

XS
SM
MD
LG