Accessibility links

АҚШ Қытайдың екі азаматына және банкі мен компаниясына санкция салды


Стив Мнучин, АҚШ қаржы министрі.
Стив Мнучин, АҚШ қаржы министрі.

АҚШ қытайлық компания мен банкке және екі Қытай азаматына олардың Солтүстік Кореяның әскери бағдарламасымен байланысы үшін санкция салды.

АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея территориясында жұмыс істейтін "Даньдон" банкінің Пхеньянға аударылатын қаржының ізін жасыруға қатысы бар. Ал Dalian кеме жасау компаниясының Солтүстік Кореяның жаппай қырып-жою қаруларын жасау бағдарламасымен байланысы бар.

АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин санкциялардың Қытай үкіметіне қарсы бағытталмағанын, тек Солтүстік Кореяға ядролық және зымыран бағдарламасынан бас тартуына ықпал ету қажеттігінен салынғанын айтты.

XS
SM
MD
LG