Accessibility links

ДСМ: Қызылорда облысында оба жұқтыру оқиғалары болған жоқ


Қызылорда облысының картасы (Көрнекі сурт).
Қызылорда облысының картасы (Көрнекі сурт).

Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда облысында оба жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ)

Бұған дейін Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылығы "Байқоңыр" кешенінің 17П ұшу алаңы ауданында обаның табиғи ошағы табылғанын хабарлаған.

ДСМ Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде, оның ішінде Қызылорда облысында обаның табиғи ошақтары барын, ол аумақтарды республиканың тоғыз обамен күрес станциялары жан-жақты зерттеп қарайтынын айтады.

Аталған обамен күрес станцияларының жыл сайын адамдардың оба жұқтыруының алдын алу жұмыстары барысында Байқоңыр қаласынан 12 километр аумақтаңғы шектелген учаскеде кеміргіштер мен бүргелерден өсірінділердің бөлінуі анықталып, табиғи ошақтың жандануы байқалған.

"Осыған байланысты, Қызылорда обамен күрес станциясы келісім бойынша "Байқоңыр" кешенінің басшылығын анықталған эпизоотиялар туралы хабардар етіп, оларға профилактикалық дезинсекциялау және қаланың сыртында жұмыс істейтін 34 жұмыскерге вакцинация жүргізу ұсынылды" дейді министрліктің баспасөз қызметі.

ДСМ Қазақстанда 2003 жылдан бері тұрғындар арасында оба жұқтыру оқиғалары болмағанын айтады.

Министрлік дерегі бойынша, ТМД кеңістігінде оба ошақтарының 51,5 пайызы - Қазақстанда, 6,5 пайызы - Қырғызстанда.

XS
SM
MD
LG