Accessibility links

АҚШ-та иммиграциялық шектеулер туралы жарлық күшіне енді


Таяу Шығыс елдерінен АҚШ-қа сапарлап келген жолаушылар. Лос-Анджелес әуежайы, 29 маусым 2017 жыл.
Таяу Шығыс елдерінен АҚШ-қа сапарлап келген жолаушылар. Лос-Анджелес әуежайы, 29 маусым 2017 жыл.

АҚШ-та мұсылмандар басым тұратын алты мемлекеттің азаматтарына, егер іскер байланысы не туыстары болмаса, елге кіруге уақытша шектеу қою туралы президент жарлығы күшіне енді.

Шектеу Иран, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен елдерінің азаматтарына қатысты. Жаңа ереже АҚШ-тың шығыс жағалауының уақыты бойынша 29 маусым күні сағат 20-дан бастап күшіне енді.

Жарлық күшіне енгенге дейін виза алуға берілген өтініштер кері қайтарылмайды. Ал жаңа өтініш берушілер АҚШ-та туыстары бар екенін немесе жұмыс бабымен бара жатқанын құжатпен дәлелдеуі тиіс.

Сонымен бірге 29 маусымнан бастап АҚШ-та босқындарды қабылдауды 120 күнге дейін тоқтата тұру туралы және оларды қабылдауды жылына 50 мыңға дейін шектеу туралы жарлық күшіне енді. Бірақ АҚШ-та туыстары барын дәлелдейтін босқындарға елге кіруге тыйым салынбайды деп хабарлайды Voice of America.

XS
SM
MD
LG