Accessibility links

Германия: Бундестаг депутаттары бір жыныстылар некесін қолдады


Германия бундестагындағы дауыс беру. Берлин. 30 маусым 2017 жыл.
Германия бундестагындағы дауыс беру. Берлин. 30 маусым 2017 жыл.

Бундестаг жұмада Германияда бір жыныстылар некесіне рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады деп хабарлады Deutsche Welle. Заң жобасын 400-ге жуық депутат қолдап, 200-ден астам депутат қарсы дауыс берді.

Осы аптада Германия канцлері Ангела Меркель бундестагтағы Христиан-демократиялық одағы фракциясының депутаттарына бір жыныстылар некесі мәселесі бойынша дауыс беруге салынған құпия тыйымды жойған. Меркель бір жынысты неке "ар-ұяттың мәселесі" екенін айтып, партия мүшелерін дербес шешім қабылдауға шақырған. Меркельдің өзі бір жыныстылар некесіне қарсы дауыс берді.

Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Мартин Шульц бұған дейін өз партиясы бір жыныстылар некесіне рұқсат беру мәселесін қыркүйекте бундестагқа өтетін сайлауға дейін дауысқа салмақ ниетте мәлімдеген.

Германияда бір жыныстылар некесі 2001 жылдан бері "бір жыныстылар серіктестігі" түрінде тіркеледі. Бірақ бір жыныстыларға бірқатар шектеу, оның ішінде бала асырап алуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG