Accessibility links

Украинада Чернобыль АЭС-іне жақын шыққан орман өртін сөндіріп жатыр


Украинадағы Чернобыль АЭС-іне жақын аумақта шыққан орман өрті (Көрнекі сурет).
Украинадағы Чернобыль АЭС-іне жақын аумақта шыққан орман өрті (Көрнекі сурет).

Украинада өрт сөндірушілер орманда шыққан өрттің Чернобыль атом электр станциясы маңындағы радицияға ұшыраған оқшауланған аймақты шарпымауына күш салып жатыр.

Өрт 29 маусым күні түстен кейін Лубянское орман шаруашылығында ағаш кесу жұмыстары кезінде шығып, 30 маусымның таңында 25 гектар жерді шарпыған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші мен ондаған техника мен ұшақ жұмылдырылған.

1986 жылы жарылып, өртенген Чернобыль АЭС-і аумағына жақын мұндай орман өрті бірінші рет болып отырған жоқ. 2015 жылдың өзінде ғана АЭС аумағына жақын маңда 400 гектар аумақты шарпыған бірнеше өрт болған.

XS
SM
MD
LG