Accessibility links

Путинді сынаушылардың бірі Илья Новиков елден кеткенін хабарлады


"Открытая Россия" қозғалысының Татарстандағы үйлестірушісі Илья Новиков. Қазан. 25 мамыр, 2017 жыл.
"Открытая Россия" қозғалысының Татарстандағы үйлестірушісі Илья Новиков. Қазан. 25 мамыр, 2017 жыл.

"Открытая Россия" қозғалысының Татарстандағы үйлестірушісі Илья Новиков қудалауға байланысты уақытша елден кеткенін жариялады.

Ол "ВКонтакте" желісінідегі өзінің парқшасында полицейлердің өзін "қорқытып, үркіту" арқылы "қолдан жасалған қылмыстық іске" куәгер ретінде тартпақ болған. Новиков кейінірек елге бірінші мүмкіндік болған кезде қайтатынын айтқан.

Мамыр айының соңында Қазан қаласында Новиков басқаратын "Райден" компаниясы тінтілп, бухгалтерлік құжаттар мен ноутбуктері алынған болатын. Оның алдында, сәуір айында Новиков "Надоел" акциясын ұйымдастырғаны үшін бес тәулікке қамалған. Бұл акция 29 сәуірде Ресейдің көптеген қалаларында өткізілген. Шара президент Владимир Путинді 2018 жылғы сайлаудан бас тартуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG