Accessibility links

Шілдеден бастап зейнетақы, жәрдемақы және әскерилердің жалақысы өседі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шілде айынан бастап зейнетақы мен нәресте туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы 20 пайызға, әскери қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өседі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр. Мәліметке қарағанда, қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің, ұлттық гвардияның және мемлекеттік күзет қызметінде жұмыс істейтін әскери қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға көтеріліп отыр.

Шілде айынан бастап ең төменгі зейнетақы 45 мың 711 теңге, орташа зейнетақы - 66 мың 676 теңге деп есептеледі. Өткен жылы ең төменгі зейнетақы көлемі - 37 мың 789 теңге болған.

XS
SM
MD
LG