Accessibility links

Владивостокта Навальныйдың жақтасы ұсталды


Владивостоктың орны бейнеленген карта.
Владивостоктың орны бейнеленген карта.

Бүгін, 1 шілдеде Ресейдің Владивостокта қала күні шеруі кезінде оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың штабының үйлестірушісі және қалалық кеңес депутаты Юрий Кучинді полиция ұстады.

Ол президент Владимир Путин және премьер Дмитрий Медведевтің жүздеріне ұқсайтын екібасты балық бейнеленген "Балық басына шіриді" деп жазылған плакат ұстап шыққан болатын.

Владивостокта бүгін басталған қала күні шаралары ертең де жалғаспақ. Шілденің 2-сі Владивостоктың іргетасы қаланған күн болып есептеледі.

Алексей Навальный жақтастарының шеруде комсомолдармен қатар жүргені хабарланған. Навальный штабының үйлестірушісі Юрий Кучин Азаттықтың Орыс қызметіне өзінің саяси ұран мүддесімен емес, тек "орыс мәтелін" көтеріп шыққанын айтқан. Ал штабтың басқа да белсенділері "Алексей, мығым бол. Адам егеуқұйрықтан күшті" деген жазуы бар плакат көтеріп жүрген.

XS
SM
MD
LG