Accessibility links

Қырғызстан: Бұрынғы премьер Бабанов президент сайлауына өзін-өзі ұсынбақ


Омурбек Бабановтың сайлаудың бірінде дауыс беріп тұрған сәті.
Омурбек Бабановтың сайлаудың бірінде дауыс беріп тұрған сәті.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі «Республика – Ата-Жұрт» партиясының лидері Омурбек Бабанов президент сайлауына өзін-өзі ұсынбақ.

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте мәлімдеді. Ол өзінің шешімін президентті халық сайлайтындығымен түсіндірген.

Бұдан алдын «Ак Шумкар» партиясының басшысы Темір Сариев, «Онугуу-Прогресс» партиясының төрағасы Бакыт Торобаев президенттікке кандидат ретінде тіркелуге өтініш берген. Өтініш бергендердің арасында өзін-өзі ұсынған өзге де тұлғалар бар. Олар: "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев, "Лига-антикризис" орталығының директоры Назарбек Нышанов, жеке кәсіпкер Арыстанбек Абдылдаев , құқыққорғаушы Рита Қарасартова, отандық өнім өндірушілер қауымдастығының төрағасы Бақыт Дегенбаев, латвиялық “Маро” фирмасының Бішкектегі өкілдігінің басшысы Сайнидин Султанидинов, Орталық Азия халықаралық университетінің ректоры Камила Шаршекеева, экс-омбудсмен, бұрынғы депутат Тұрсунбай Бакир уулу, дипломат Таалатбек Масадыков.

Қырғызстан президентінің сайлауы биыл 15 қазанда өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясы болашақ кандидаттардың құжаттарын 15 маусымнан бері қабылдай бастады. Сайлау үгіт-насихаты 10 қыркүйекте басталып, 14 қазанда аяқталады. Нәтижесі 4 қарашаға дейін жарияланады.

XS
SM
MD
LG