Ресей құрамындағы Татарстан республикасында бүгін түнде жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 13 адам мерт болып, 15 адам жарақат алған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік апаты Заинск қаласы маңында болған. «Самара - Ижевск» бағытымен жолаушылар апара жатқан автобус «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін жол үстінде аударылып, өртенген.
Татарстан денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандардың екеуі – балалар, зардап шеккендердің төртеуі ауыр халде жатыр деп хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста барлығы 28 адам болған.
Тергеу тобы жол-көлік апатының себебін анықтап жатыр. Апаттан тірі қалған автобус жүргізушісінен жауап алынған.